А.Добромыслов
ТУРГАЙСКАЯ ГАЗЕТА, № 35, 1898 ж.
(Орынбор қаласы)
(редакциядан – қысқартылып басылған)

Қазақтардың ит ұстап-баптауы

Иттің қазақ тұрмысындағы мәні

Басқа да мұсылман халықтары сияқты, қазақтар да итті арам жануар деп қабылдағанымен, оларды тұрмыс-тіршілігінде көп пайдаланған. Көшпенді қазақ тұрмысында иттің үлкен мәні бар, ол оның үйі мен мал-жанын қорғаған. Иттің қойшының еңбегінде атқаратын ролі аса маңызды. Дла қасқыры малға жақындағаннан үріп, қойшыға жеткізіп, малдың дала жыртқышының аузына түспеуінің алдын алады. Малшы қазақтардың айтуынша, олардың қасқырға қарсы үрген дыбысы жай кездері үргенінен басқаша болып келеді. Түнде бүкіл ауыл тарс ұйқыда жатқнда, иттер кірпіктерін ілместен олардың ұйқысын қорғап шығады.

Иттердің саны

Қазақтардың көпшілігі бір-бір иттен ұстайды, ірі малшылар 10-нан ұстайды, орташа есеппен алғанда, әр үйге 2 иттен келеді, немесе облыс бойынша 160000 иттен келеді деуге болады.

Иттердің тегі

Торғай облысы қазақтарында иттердің екі түрлі тегі кездеседі: кәдімгі қазақы ит және тазы, оның біріншісі қазақ даласында көп кездессе, екіншісі – тазы өте сирек кездеседі. Бүкіл Торғай уезіндегі тазының саны жүзден аспаса, ал облыс бойынша 500-600 тазыны табу қиын. Кәдімгі қазақы ит сырт келбетіне қарағанда қасқырға ұқсас, бойы 12-13 қарыс, ірі денелі, мұрындары көбіне жалпақ және қысқа болып келеді, қасқырда негізінен осы мұрны арқылы ажырататын болған, көздері қитар және кішкентай, қысқа құлақтарының ұштары салбыраңқы, мұрындары бұлшықты да қысқа, кең кеуделі, аяқтары түзу, бұлшықты, құйрық жүндері қалың және көтеріліп тұрады, шаштары тегіс, жұмсақ және ұзын болып келеді, шашының түсі әртүрлі, көбіне, күлгін, ақ, сарғыш, ала түсті, иіс, көру және есту сезімдері аса жақсы дамыған, қазақы ит табиғтынан жауына қатал болып келеді.

Текті тазы иті кәсіпқой аңшы қазақтар арасында аса бағалы., ондай иттерді жақсы атқа, түйеге айырбастайтын болған.

Иттердің жыныстық жетілуі

Қазақтардың айтуынша, иттерді қасқырмен будандастыру сирек кездесетін құбылыс болғанымен, ондай жағдайлар болып отырған, мүндайда тек қасқырдың еркегін иттің қаншығымен ғана будандастырған және олардың күшіктері қасқырға (тек түр-тұрпаты жағынан ғана емес, мінез-құлқы да) көбірек ұқсайтын болған деседі.

Күшіктерді баптау, қоректендіру және итті бағып-қағу

Қазақтар күшіктерді аналарынан ажыратпаған және олар соның сүтін еміп өседі, кейін қожайынының асынан қалған сүйек, сүттермен қоректенген. Кейде күшіктеген ит қаншық итті байлап ұстап, күшіктерін емізбейді, мұндайда олар аштан өледі. Қазақтар ересек иттерге аса көңіл аудармаған, олар өз күнін өзі көріп, үнемі жартылай аш жүрген, Сондықтан да иттер арам өлген мал, мал сойғаннан қалған қалдықтарды дым қалдырмай жеп, қазақ даласының табиғи тазартушылар қызметін атқарған.

Иттерді малды қарауылдауға және аңшылыққа баптау

Қазақтар өздері асырған иттерінен түнде малды қасқырдың шабуынан қорғауды талап еткен. Иіс сезу қабілетінің аса дамығандығы және тумысынан қасқырға деген өзінің ызасының арқасында қазақы иттердің барлығына дерлігіі қожайындарының бұл талабын аса қиналмастан орындайды.. Итті отар маңында болуға үйрету үшін, әбден қалыптасып кеткенше оларды ешқайда жібермей байлап ұстайды, егер ит малға шауып, тиіссе, оларды соққымен жазалаған.

Қзақтардың иттен өндіретін өнімдері

Бұрындары, қазақтардың айтуынша, итті себепсіз өлдіру күнә болып саналған, тек құтырған иттер мен малға шапқан иттерді ғана өлтірген, иттің терісін арам мал деп есептелгендіктен,тазартылмаған да, сатылмаған да. Жоқшылық пен уақыт бұл көзқарасты өзгерткен, қазірде итті терісін алып сату үшін өлтіреді, олардан жылы етіктер жасайды. Дегенмен ит терісін сатуды аса күнә деп есептемейтін қазіргі қазақтар одан түскен ақшаға ешқашан нан, шай, қант сатып алмаған, тек тұрмыстағы басқа қажеттіліктеріне немесе малына жем алған. Мұндай ақшаға өзіне тамақ алуды қасиетсіздік деп есептеген.

* - Қазақтар , ұлт, Қазақ ССР-інің жергелікті халқы. 1925 жылға дейін (кейде бергі уақыттарда да) әдебиеттер мен түрлі құжаттарда қазақтарды қырғыз-қазақтар және қырғыздар деп атап келген.

• Редкциядан – Тоғай өзені, Торғай үстірті Қазақстан Республикасының территориясында жатыр.
• Қазақтарда иттердің төмендегідей атаулары кездеседі: ит, ұрғашысы – қаншық, еркегі – арлан, күшік, тазы, кәнден ит, барақ ит, қабағн ит, төбет.
• Қазақтар күшіктерді дос-жаран, туған-туыстарына аямай таратып бергенімен, ересек итті ешқашан сыйға да бермеген, сатпаған да, бір-біріне ит берісіп, сатысқан адамдар кейін бір-бірімен итше ырылдасып, ұрсысып қалады деген ырым болған.

 

Сайттың информациясын пайдаланған кезде, www.tobet.kz сайтқа сілтеме жасау міндетті
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
почта:info@tobet.kz
© 2004 - 11 Tobet.kz

негізгі парақта  / тарихы
видео
фотокөрмесі

Төбет - төбеде жатқан ит...
4000 жыл бірге
Қазақтардың ит ұстап-баптауы
Төбет тарихы
Қазақ Төбетінің мүсіні
Нун-на
Қарақан
Жеті қазынаның бірі
АҚ-қазақы
Екі иттің достығы (ертегі)