ҚАРАХАН ҚАРА ЖҰЛДЫЗ

9 айлық жасында Қарахан біздің көшеттікті тастап өзінің алыстағы отанына оралды. Оның қысқа өмірі өте жарқын өтті. Ол өз туған үйірін тастап, жаңа үйірде өмір сүре бастады. Біз оны ешқашан қоршауда тастаған жоқпыз, Қарахан мен оның әкпелері ірі иттердің арасында өсті, оларды тәрбиелеген біздің Вагши, әкесі Шейх және шешесі Фарида, Варда. Қарахан әкесі Шейх шолаққұйрықты болып туды. Таңба салған кезде ол еш дыбыс шығармастан, үндемей шыдады. Ол әдемі, жалпақ табанды және абзал күшік болып өсті.
Күшік кезінде үш мәрте байқауларға қатысты (2005 жылы Т.М.Иванова төрешілігімен өткен Кировоград чемпионатында үлкен перспектива жүлдесіне қол жеткізді), 2005 жылы Киевте С.Галиаскарова төрешілігмен өткен CACIB байқауында 3- үлкен перспектива жүлдесін ұтып алды және келесі күнгі Ю.Овоца төрешілігімен өткен байқауда 2- үлкен перспектива жүлдесін ұтып алды), үнемі өзіне назар аудартып отырды.
Қазақстанда бірінші күннен бастап-ақ қойшы мен малдың соңынан еріп алды. Қоршау жоқ, еркін қыдыруға жол ашық – көз ұшыңда тек шексіз әдемі табиғат, басында үш иттен тұратын үйір (ақ арлан және үйір басшысы қара ұрғашы ит). Уақыт өткен сайын үйірге жаңа иттер қосылып жатты. Біртіндеп Қарахан өз дәрежесін көтерді. Ол өзінен жасы да, денесі де үлкен ақ арланмен таласты, әл-шамасы аз болғандықтан бірнеше рет жеңілді, бірақ қайтпады....2006 жылдың көктемінде Қараханды жылан тістеп өлтірді, құтқаруға еш мүмкіншілік болмады. Ол жүрегімізде ұмытылмайтын әсер қалдыратын иттердің бірі еді....

Коропец Валерий және Наталья..

ДАНИЯРДЫҢ хаттарынан
"Қазақы Ит" көшеттігі, Алматы, Қазақстан "

"Иттердің арасында ірісі де, күштісі де бар, бірақ мінез-құлығы осындай ит өте сирек кездеседі. Қайсар, адам баласына адал!!! Абзал ит!!!
Жасының кішілігіне қарамастан өзін барынша көрсетті, аянбай таласты!!!
Ол үйірдегі өзінен жасы үлкен арланға шауып таласты.
Кейін өзімен жасты иттерді өзіне қаратып алды, 9 иттен тұратын үйірде екіншісі болды.
Осындай жасында мұндай деңгейге тек таңдаулылар ғана шыға алады.

Карахан справа

Карахан справа


Адам иттің қадір-қасиетін осындайда бағалап, оған деген сүйіспеншілігі артады

Карахан с сыном

Карахан с отцом  Данияра
Қарахан Даниярдың әкесімен

"ҚАЗАҚТАР ТӨБЕТ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚЫ ИТ ДЕП АТАЙДЫ.
КАЗІРГІ УАҚЫТТА ҚОЙ САНЫ КӨБЕЮДЕ, СОНДЫҚТАН БІЗ ҚОЙБАҒАР ИТТЕРДІҢ ДЕ САНЫН КӨБЕЙТКІМІЗ КЕЛЕДІ.
БҰЛ ИТТІҢ ТҮРІ ӨТЕ ӨР МІНЕЗДІ, СОЛ СЕБЕПТЕН БҰЛАР НЕ ІСТЕП, НЕ ҚОЮДЫ ӨЗДЕРІ ШЕШЕДІ.
АДАМ ИТТІҢ МІНЕЗІН СЕЗІП, ОНЫ ӨЗ ПАЙДАСЫНА ҚОЛДАНУ КЕРЕК "

КАРАШ

"ҚОЙДЫ ӘРБІР ИТ БАҒА БЕРМЕЙДІ, ҚАЛАУЫ БОЛУЫ КЕРЕК, АЛ БҰЛ БАРЛЫҒЫНДА БОЛА БЕРМЕЙДІ, ӘСІРЕСЕ ТӨБЕТТЕРДЕ. ҚАРАХАННЫҢ МАЛҒА ЫНТАСЫ БАР, ҮРІП, ҚУАЛАП ЖҮРЕДІ, БІРДЕМЕ ШЫҒАР.
ҚОҢЫР ҰРҒАШЫ ИТ - ҚАРАШ, ОЖАР ИТ, ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ҮЙІРДІ БАСҚАРАДЫ.
МЕН ОНЫ МӘСКЕУДЕ САТЫП АЛДЫМ, ОРЫС АҢЫЗЫНАН. ӘКЕСІ ТОҚМЕТ, ШЕШЕСІ ҰЛАНА.
МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ОСЫ ИТТІҢ ТҮРІН САҚТАП ҚАЛУМЕН ШҰҒЫЛДАНАМЫН., ИТТІҢ ОСЫНДАЙ ТҮРІН, МЕНІҢ ОЙЫМША, БАРЫНША БҰЗЫЛМАҒАН ҚАЛПЫНДА САҚТАП ҚАЛҒАН СІЗДЕР СИЯҚТЫ АДАМДАР БАР БОЛҒАНЫ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ! "

Мойнак, 9 лет"

МЫНАУ МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ.
МОЙНАҚ-9 ЖАСТА.
13 ҚАСҚЫР, БІР ҚАБАН АЛҒАН

 

Мойнак с сыном

ЖАНЫНДА ЕЛІК АЛҒАН СОНЫҢ КҮШІГІ, ҚАСҚЫРҒА ЖҮРЕГІ БАТПАЙ ЖҮР.
ҚАЗІР МОЙНАҚ ЗЕЙНЕТТЕ, МЕНІМ ҮЙІМДЕ. КҮШІГІ ҚАСҚЫРЛАРДЫ ИГЕРЕ АЛМАЙ ЖҮР, АЛ ОЛАР БОЛСА, МОЙНАҚ ҮШІН КЕГІН АЛУДА, АЙ САЙЫН 3-4 ҚОЙДЫ ЖАРЫП КЕТЕДІ "

"МЫНАЛАР – ТАУДА ҚОРШАУДА ЖҮРЕТІН ИТТЕР. ОЛАРДЫҢ МІНДЕТІ – АТТЫ АДАМДЫ 40 ШАҚЫРЫМҒА ДЕЙІН БАРАТЫН ҰЗАҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛУ. ОСЫ ЖЕРДЕ ИТТЕРДІҢ ШЫДАМДЫЛЫҒЫ МЕН АДАМҒА ДЕГЕН ЖАН ҚИЯРЛЫҒЫ ЖӘНЕ БАСҚАСЫ ДА ТЕКСЕРІЛЕДІ.
МЫНА СУРЕТТЕ 1,5 ЖАСАР ЖАС ИТТЕР, ҚАЙТПАС ЖӘНЕ МОЙНАҚ. "




"МЫНАУ ЖАЙЛАУДА ТҮСІРЛГЕН ЖАЗҒЫ ТАУ ЖАЙЫЛЫМДАРЫНЫҢ СУРЕТТЕРІ МЫНА ИТТІҢ АТЫ АЛАДЖА, ӨТЕ САЛМАҚТЫ ЖАС АРЛАН. ТҰҚЫМЫ БЕЛГІСІЗ. ТЕК МАЛДЫ КҮЗЕТУГЕ АРНАЛҒАН ИТ. ЖАҚЫНДА СІЛЕУСІНДІ ҮСТАДЫ – БІРІНШІ ЕРЛІК. ТҮНДЕ АТТАРДЫҢ ЖАНЫНАН ЕШ КЕТПЕЙДІ. ТАУДА ҚАСҚЫР КӨП, СОНДЫҚТАН ҰЙҚЫ ЖОҚ "

Аладжа

Аладжа

Аладжа

Аладжа

 

ҚАРАХАН ҚАРА ЖҰЛДЫЗ


 

"ЖАТҚАН АРЛАН 9 ИТТЕН ТҰРАТЫН ҮЙІРДІ БАСҚАРАДЫ. АЛАБАС – ҚОЙБАҒАР ИТ, ТҮНДЕ ҰЙЫҚТАМАЙДЫ. АЛАБАС ЕҢ АЖАРСЫЗ КҮШІК БОЛҒАН. 2 КҮШІКПЕН БІРГЕ САТЫП АЛҒАМ, ОНЫ АЛҒЫМ КЕЛМЕГЕН, БАУЫРЫМ АЛМАСЫМА ҚОЙМАДЫ. АЛ ҚАЗІР БОЛСА АБЗАЛ ИТТЕРДІҢ БІРІ, ОЛ 2-ГЕ ӘЛІ КЕЛГЕН ЖОҚ, БІРАҚ БАСҚАРЫП ЖҮР, 1 ТҮЛКІ АЛЫП ҮЛГЕРДІ. БАСҚА МАЛ ЖАЙЛЫМЫНА АЛЫП КЕТЕЙІН ДЕГЕНДЕ, ҚОЙШЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ ЖЫЛАП БЕРМЕЙ ҚОЙДЫ, СОЛ ЖЕРДЕ ҚАЛДЫРЫП КЕТТІМ. ҚОЙШЫ ОНЫҢ ОРНЫНА БАСҚА ИТТЕРІНІҢ БӘРІН БЕРМЕК. ТҮЙЕНІҢ ЖАНЫНДА ҰРҒАШЫ ИТ –АЛАКӨЗ. БҰЛ ДА ҚОЙБАҒАР ИТ, ЖАС ТҮЙЕНІҢ ҚАСЫНАН КЕТПЕЙТІНІН ОСЫ СУРЕТТЕН БАЙҚАУҒА БОЛАДЫ.

АЛАБАС

АЛАБАС

 

ҚАРАХАН ҚАРА ЖҰЛДЫЗ

 

Құрметпен,
Данияр, "Қазақы Ит" көшеттігі, Алматы, Қазақстан"

Осы мақала жазылған кезде, www.security-dog.org сайтының мағлұматтары пайдаланды

 

Сайттың информациясын пайдаланған кезде, www.tobet.kz сайтқа сілтеме жасау міндетті
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
почта:info@tobet.kz
© 2004 - 11 Tobet.kz

негізгі парақта  / тарихы
видео
фотокөрмесі

Төбет - төбеде жатқан ит...
4000 жыл бірге
Қазақтардың ит ұстап-баптауы
Төбет тарихы
Қазақ Төбетінің мүсіні
Нун-на
Қарақан
Жеті қазынаның бірі
АҚ-қазақы
Екі иттің достығы (ертегі)