Төбет.....
Төбеде жатқан ит....
Осы сөздің тарихи мағынасын маған Данияр Дәукей әңгімелеп берді – ол өзі ғажап адам, 8 жыл Англияда оқып, Отанына оралып, ата-бабасының ісін әрі жалғастыруда. Ол көп әңгіме айтты, мен сол әңгіме барысын сіздердің назарларыңызға ұсынуды дұрыс деп шештім...
Сонымен, ТӨБЕТ дегеніміз ортаазиялық овчарканың ежелгі атауы: ТӨБЕ - ИТ.
Данияр Қазақстанда тұрады, жылқы баптап, қой ұстап, ит өсіреді... Ол Қазақстанда ортаазиялық овчарка тұқымының тазалығын сақтап қалу үшін күресіп жүрген бірден бір жан. Әрине, Қазақстанда неше түрлі клубтар бар, Қазақстан FCI мүшесі, бірақ малшы қауым арасында ит өсіруге ынталанушылар жоқ. |
|
|
|
Ал солай болса, Данияр Дәукейдің кім екендігіне тоқтала кетейік. Даниярдың ата-анасы – геологтар, ол әке-шешесімен бірге 10 жасқа толмай-ақ, Қазақстанның бар аймағын шарлап шықты. Небары 19 жасында Данияр мал қстады, бірақ өзінің айтуынша, ол әлі көп нәрсенің байыбына бара бермейтін еді...
Алғашқы иті – Жайлау, таудағы жазғы жайылымда, жайлауда табылғандықтан, итті солай атаған. Даниярдың қол астынан 1000-нан астам ит өтті. Жылқы мен басқа малдың санын сұрамай-ақ қойсақ та болады...
«Дәулетті де дербес адамға мұндай тынымсыз шаруаның қажеті қанша?» деген сауал еріксіз туындайды. Оның жасы 35 –те ғана…
Даниярдың айтуынша, ол үшін Отан мен отандастарының әл-ауқаты мәселесі Монте-Карлодағы, не болмаса Вегастағы казиноға қарағанда әлдеқайда маңызды...
Әр жаңа жыл сайын ол 70-тей итті іске жаратпай тастайды. Үстіміздегі 2010 жылы ол 100-ден астам итті санаттан шығаруды жоспарлап отыр. Бұлар – метистер, дұрыс жұмыс істемейтін иттер. Санаттан шығару дегеніміз атып тастау емес... Ол – мұндай да иттері жоқ басқа шопандарға оларды тарату... Биыл Даниярдың байқауынша, иттер ірілеу және сапалы болып шақты, сондықтан 100 итті таратуға болады.
Бізге Даниярдың бойындағы айрықша ашықтығы аса ұнады... Тұқымның Қазақстанда жойылуына метизацияның тікелей әсер еткенін ең алғаш айтқан адам.
Оны былай қойғанда, ол Қазақстанда заңды түрде 100 жылдай жүргізіліп келе жатқан метизация мысалдарын келтірді.
Даниярдың Азияда ортаазиялық овчаркалардың көбеюі мен таралуы туралы көзқарасы ұнады.... |
Тұқымның шығу тегі және атауы
Даниярдың айтуынша, бұл иттің Азиядағы алғашқы атауы – Қазақы Ит – болған.
Кейін өршіл түрікмен халқы бұл тұқымды "Түрікмен Алабайы" деп атап алаған. Ал қазақтар бұл итті әрқашан "төбет" атаған – төбедегі ит...
Бүгінгі ОАО (ортаазиялық овчаркалар) саны, негізінен, Түрікменстан мен Оңтүстік Қазақстаннан шыққан, өйткені кеңес билігінен қашқан бай қазақтар осы жерлерге мал-жанымен, иттерімен бірге ауып келген.
Түрікмен жерінде осы күнге дейін мал бағумен, негізінен, қазақтар айналысып келеді. Түрікмендер өз араларында осы итті төбет деп, ал бөтен елге алабай деп атайды. Бір түсті итті "шұбар, әр түсті...." деген мағынаны білдіретін «ала» сөзімен қалай «алабай»ии деп атауға болады? 50-ші жылдарға дейін төбеттер қазақ даласының – оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс – барлық өңірінде болған.
Ұлы Отан соғысынан кейін қаңғырған иттерді жаппай атты, олардың арасында төбеттер де бар еді. Осыдан кейін – Шығыс Еуропа овчаркасымен будандастырылып, әсіресе, Байқоңыр маңайында, соның салдарынан мутанттарға дейін пайда болған.
Кейінгі Ауыл шаруашылық министрлігінің "Бір отарда 3 иттен көп артық болмасын" деген есуас бұйрығы да авторға белгілі.
Түпікменстан, немесе Түркістан ол кездері жартылай кеңес республикасы болған, географиялық жағынан ол Ресеймен шекаралас елдердің қатарына кірмейтін. Сондықтан да бұл жерлерде бұрынғы тұрмыс салты бұзыла қоймаған және Кеңес Одағы заңдарының күші көбіне жүре бермейтін. Сонымен қатар түрікмен халқы табиғатынан көненің сақшысындай, сондықтан да олар төбет тұқымын сақтап қалған. Кейінірек иттерді таластыру ойындары басталғанда, бұл тұкым қайта жаңғыра бастады.
Кейін бұл иттерді Ресейде, Украинада, Белоруссияда өсіре бастады.
Данияр осы елдердің халқына тұқымның генофондын сақтап қалғандары үшін үлкен ризашылығын жасырмайды.
Бірақ Данияр Дәукейдің айтуынша, түрікмендер қойшы итті емес, таластыруға арналған иттерді өсірген. Ақ түсті иттерді селекциялау – таласатын иттермен шағылыстыру болып табылады.....осының нәтижесінде, тұқымның түрікмен түрі – метистер – пайда болды дейді Данияр...
Мұндай тқжырымның негізінде не жатқанын қадағалап сұрауды жөн көрмедік.
Мен тек Даниярдың ата-баба мұрасы туралы білімнің молдығына және ОАО өсіретін көптеген адамдармен жиі араласатындығына сүйеніп, ТӨБЕТ тұқымына деген дұрыс көзқарасына өз басым шексіз сенемін.
Даниярдың хаттарынан:
"Менің түсінуімше, Төбет ОАО-ның барлық ресми стандарттарына сәйкес келеді. Бұл стандарттар өте дұрыс, мен олармен толығымен келісемін. Көрмелерде жеңетін иттер жақсы тұқымды жұмысшы иттерді туады. Өйткені бұл стандарттар өте дұрыс, тағы да қайталаймын. Қазақтар бұл итті ТӨБЕТдеп атайды, қазіргі таңда осы итті ОАО деп атап алған. Алабай деген тұқым ешқашан да болмаған, Ала деген көп тараған иттің аты бар, түсі түрлі иттерге «ала» сөзін тіркестіріп айта береді, Ала бай, Ала хан, Ала ша (джа), Ала ш, Ала бас. Алабай деген атауды түрікмендер шығарып алған, өз араларында бұл итті олар "ҚАЗАҚЫ ИТ" деп атайды. Кеңес Одағындағы тұңғыш көшеттіктің де "Қазақы Ит" деп аталуы да бекер емес. Себебі осы көшеттікке иттерді сатып алушылар иттердің тұқымын сұрағанда, жергілікті түрікмендер оларға Қазақы ит деп айтқан. Сондықтан да мен Төбет деген атауын қолдаймын, ал басқалардың қалай атайтындығын араласа беруге, өкінішке қарай, менің хақым жоқ".
"Ал түрікмендердің тұрмыс-тіршілігі қазақтардан ерекше, өйткені Қарақұм шөлінің үлкен бөлшегі мал бағуға жарамайды. Өздерініз білесіз, Түрікменстан жерінің 80 пайызы құмнан тұрады, ал 15 пайызы Маңғышлақ түбегі, бұл жер тек түйе бағуға ғана жарамды. Қалған 5% жерде ғана басқа мал өсіруге болады. Байқап көрсеңіз, Түрікменстандағы барлық қалалар Қаракұм шөлін жағалай орналасқан. Түрікмендер жауынгер халық болған, сонымен күнін көрген. Үй басына бір-екі жылқы, 5-7 қой, бір сиырдан ғана болған және осы кішігірім шаруашылық өзімен бірге қорасында ұсталған. Түрікмендердің тұрмысы сол замандардан бері көп өзгере қоймаған, сол қалпында десе де, болғандай. Олай болса, бүкіл ТМД елдерінде жырға айналған атақты иттері қайда жоғалып кеткен?! Өйткені түрікмендер оларды бұрынғы тұрмысында ұстамаған, оларды тек иттерді таластыру ойындары басталғанда ғана асырай бастаған!!! Қазірге дейін олар иттерін қамауда ұстайды!!! Ринг (ұрыс алаңы) жасап қойған!!! Осыны тұқымның дамуы деп қарауға болады ма?! Ал бізде олар өздігінен дамуда, өйткені біздің тұрмысымыз – мал бағу, әрине, бұрынғыдай емес, дегенмен де, мал шаруашылығы негізгі шаруашылықтардың бірі болып келеді. Жартылай көшпелі тұрмыс деп те айтуға болады!!! Мен айтып едім ғой иттер іріленіп келеді. Бізде табиғи таңдау өткізетін – қасқыр!!! Нағыз төбет еместерін жеп қояды!!! Қазақ халқы алабай деген ит түрін 80 жылдары түрікмендердің ойдан шығарғандығын, алабай дегеніміз өзіміздің төбет итіміз екендігін бүгінгі күнге дейін білместен, сол аңыздағы итін іздеп аңсап жүргені тіпті қынжылтады. Сондықтан біз малшы қауымды күшік сатып аларда жаңылыспауын қалаймыз. Осылайша, күннен күнге күзетші иттердің санын көбейтеміз деген үміттеміз. Алла разығын берсін!!!"
Қазақстандағы будандастыру туралы....
Қазақстан Кеңестік Орта Азияның ең дамыған республикасы болған. Байқоңыр кғарыш алаңы салыну кезінде КСРО ІІМ мен Кеңес Армиясы күзетші иттердің көмегімен өте мықты күзет зонасын ұйымдастырған.
Бұл зонада иттердің небір түрлері болды... ШЕО – кеңестік дәуірдегі ең басты тұқым – көш басында болды. Сонымен қатар олардың арасында кавказдықтар, кеңестік офицерлердің басқа да аңшы ит түрлері болды.
Данияр мұны теріске шығарып отырған жоқ, керісінше фотоматериалдарды көрсетіп, дәл солай болғандығына көз жеткізіп отыр. Осы будандастыру мәселесінің тереңдеп кеткенін Даниярдың фотоматериалдарынан көруге болады.
Бұл суреттер несімен құнды ??? Ол бұл суреттерді тұқым тарихын толық түсіну үшін ел арасынан жинаған... яғни осы тұқымға деген шынайы сүйіспеншіліктен туған қажеттілік. Ол бұл иттердің не аттарын, не иелерін білмейді, ол тек қажымастан өз ата-бабаларының жолымен, Төбеттің жолымен келеді...
Данияр Дәукей будандастырумен қайлайша күресіп жүр?
Оның бірінші қағидасы, будандарды піштіру..!
Екіншіден, барлық туылған тұқым компьютерге тіркеледі, ал күмәнділері ерекше байқауға алынады. Кейін осы будандастырылған иттер ең қиын жерлерге жіберіледі, әдетте, олар қасқырмен таласта қаза болады...
Әрине, менің ойымша, тұқымның ресми атауының (Төбет, Алабай, ОАО) аса маңызы жоқ. Маңыздысы – тұқымды сақтап қалу...
Мен бірнеше рет интернетте жазғаным бар, ит ұстап отырған адамдар итті бағып отырған жоқ, тек олардың санын көбейтіп отыр!!!
Енді біз әңгімемізді Данияр Дәукей селекцияның қандай тәсілдерін пайдаланып отырғандығына қарай бұралық. Ол тек асыл тұқымды қой, ат, ірі қара малдарымен айналысады. Даниярдың иттері де өте жоғары өнімділікті көрсетіп отыр. Қандай десеңіз? Ол туралы Даниярдың фотосессиясы қөрсетер...
Азияны "бағындырушылардың " және олардың ОАО мал бақпайды, тек оны күзетеді деген өтірік әңгімелеріне қарсы Данияр өз фотосуреттерінде қойшылар мен иттердің тұрмысын көрсетеді... Иттер малды айдап, огларды қайырып, қойшылармен бірдей жұмыс істеуде. Ал малды айдау немесе көш оңай жұмыс емес... Бұл рингте шылбырмен жүруден әлдеқайда қиын. Тіпті иесінің велосипедінің соңынан жүгіру де емес... Бұл мыңдаған шақырымдық ұзақ дол... Барлық иттер тіпті адамдар осы көшті шыдай бермейді... Қыстау...сосын – Жайлау... Қыстау теніз деңгейінен 500 м. жоғары орналасқан, ал Жайлау 2500 метрге дейін...
Малды қорып жүрген әрбір ит өзі үшін де және мал үшін де жауапты, ол қыстаудан жайлауға дейін үнемі жіті және аса сақ болуы керек. Ал сенімсіз иттер мұндай ұзақ сапарға алынбайды.
Жол үстінде қауіп өте көп: қасқырлар, үйіраралық талас, солардың нәтижелерінде жарақат алған ит әрі қарай жүре алмайды. Қойшылардың көп иттерінің өлу себебі – жыландар.
Мен Даниярдан көш кезінде кездесетін проблемаларға толығырақ тоқталуын сұрадым ???
Даниярдың көшінде табын сиыр мен қой отары бірге көшеді... Яғни екі үйір ит қоруға шығады... Әр үйірде бір арланнан болады, яғни бір көште екі арлан!!! Екі арлан бір жерде еш тоғыса алмайды. Сондықтан олардың біреуін машинамен алып жүреді, екіншісі өзі жүріп отырады... Бөлек айдау өте қымбатқа түседі...
Көш кезінде осындай қиыншылықтар бар. Бұрын жайлауда иттерді таластырып, қошқарларды сүзістіретін... Қазір ондай жоқ... оған шыдайтын қойлар да, иттер де бұрыңғыдай емес... дегенмен, беталыс бар – иттер іріленіп келеді.
2009 жылы Даниярдың бір де бір қойын қасқыр жеген жоқ... көршілердің шығыны 20-30 бас қой. Данияр айтады: "Мен иттерге шығынданамын, соның арқасында мал аман қалады!!!"
Малды қорып жүрген әрбір ит өзі үшін де және мал үшін де жауапты, ол қыстаудан жайлауға дейін үнемі жіті және аса сақ болуы керек. Ал сенімсіз иттер мұндай ұзақ сапарға алынбайды.
Жол үстінде қауіп өте көп: қасқырлар, үйіраралық талас, солардың нәтижелерінде жарақат алған ит әрі қарай жүре алмайды. Қойшылардың көп иттерінің өлу себебі – жыландар.
Мен Даниярдан көш кезінде кездесетін проблемаларға толығырақ тоқталуын сұрадым ???
Даниярдың көшінде табын сиыр мен қой отары бірге көшеді... Яғни екі үйір ит қоруға шығады... Әр үйірде бір арланнан болады, яғни бір көште екі арлан!!! Екі арлан бір жерде еш тоғыса алмайды. Сондықтан олардың біреуін машинамен алып жүреді, екіншісі өзі жүріп отырады... Бөлек айдау өте қымбатқа түседі...
Көш кезінде осындай қиыншылықтар бар. Бұрын жайлауда иттерді таластырып, қошқарларды сүзістіретін... Қазір ондай жоқ... оған шыдайтын қойлар да, иттер де бұрыңғыдай емес... дегенмен, беталыс бар – иттер іріленіп келеді.
2009 жылы Даниярдың бір де бір қойын қасқыр жеген жоқ... көршілердің шығыны 20-30 бас қой. Данияр айтады: "Мен иттерге шығынданамын, соның арқасында мал аман қалады!!!"
Сонымен қатар оларды күшік кезінен малдың жанында болуға үйрету үшін қашаға байлап қояды. Қашағ байлаулы күшіктерге қасқыр да тиісе алмайды. Аттарға үйрету мүлде басқаша... Жас итті әрқашанда аттың артында емес, қатар жүргізіп үйретеді. Еш қиындығы жоқ, тек жалықпай күн сайын қайталап отыру керек. Бірақ мұндай қабілет жылқышының бәрінде кездесе бермейді...
«... таласатын иттің көзі жақсы көрмейді. Ең мықты таласқыш кім?! Қасқыр!!! Неге иттің мойны мен денесі ұзын болуы керек?! Ол шын бөрібасар болса, осы қасқырды жеңу үшін дене бітімі сондаболуы керек. Ал шын мәнінде не болып жатыр?! Иттерді таластыру неге әкеліп соғады?! Иттерді салмағына қарай бөліп қойған. Далада қасқыр иттің салмағын сұрап жүре ме?! Қайдағы салмақ категориялары?! Сандырак!! Негізгі мақсат – ит таластыру, қазір ол ақша табу көзі. Допинг және басқа амалдар. Бұрын иттерді жайлауда жай қызық үшін, бір мезгіл демалыс ретінде таластыратын!!! Ал мықты итті өңірде бәрі білетін – қай ит қаншықты көп басса, сол ең мықтысы!!! Қай иттің қанша қасқыр алғандығын мың шақырымдағы жұрт білетін!!! Маған неше түрлі чемпиондарды алып келген, менің күшіктерім оларды талап тастады, менің жұмыс күшіктерім. Өйткені олар күні бойы тыным таппайды, әбден шыныққан, оларды өштестірсеңіз болғаны, жүндері жан жаққа ұшып, шыға келеді!!! Мақтанғаным емес!!! Күйлеу кезіндегі талас қандай десеңізші?! О! Таластырғыштар ондай таластарды өмірінде көрмеген!!! Олар мұндай эталастарды армандап та көрмеген! Сондықтан ит көрмелері өте маңызды элемент болып табылады, бірақ эксперттері дұрыс болу қажет".
" Ешбір ит қасқырдай таласа алмайды. Қасқыр өлтiргенше таласады... Қасқырдай тістейтін төбеттер аз. Қасқырлар үнемі сақ, дайын жүреді, бұл олардың табиғатында. Адам қателік жіберсе, немесе отар итсіз қалса, немесе үйір дұрыс жиналмаса, немесе сиырлар қараусыз қалса – бітті!!! Қасқыр дереу шабады. Алдынғы жылы жылқышылардың қателігінен қасқырлар 8 құлынымды жеп кетті... үш айдың арасында... .
Биыл (2009) – иттер үш рет қасқырлармен таласып, тоқтаты. Бір де бір қой жоғалмады. Иттердің жастары дөкер болып өсті".
" Ешбір ит қасқырдай таласа алмайды. Қасқыр өлтiргенше таласады... Қасқырдай тістейтін төбеттер аз. Қасқырлар үнемі сақ, дайын жүреді, бұл олардың табиғатында. Адам қателік жіберсе, немесе отар итсіз қалса, немесе үйір дұрыс жиналмаса, немесе сиырлар қараусыз қалса – бітті!!! Қасқыр дереу шабады. Алдынғы жылы жылқышылардың қателігінен қасқырлар 8 құлынымды жеп кетті... үш айдың арасында... .
Биыл (2009) – иттер үш рет қасқырлармен таласып, тоқтаты. Бір де бір қой жоғалмады. Иттердің жастары дөкер болып өсті".
"Тазы керемет ит!!! Қазақтар оны төбеттен жоғары бағалайды!!! Мен осыны енді түсіндім!!! Дүрегей деген иттің түрі бар, ол төбет пен тазының қоспасы, арнайы қасқырға қарсы жаратылған. Менде аң аулауға үшеуі де бар, тазы да бар, төбет те және дүрегей де бар. Әрқайсының өз қасиеттері бар. Тазыдан мықты төбеттер де болады, бірақ тазы аңға жақындырақ. Аңыз бойынша, тазы үйректен жаратылған, қасиетті үйректен, сондықтан бізде үйректі атуға болмайды. Осы құс ит сияқты күйлейді, қазақша "ит-ала-қаз" деген сөз үйрек-ит деген мағынаны білдіреді. Сондықтан да тазы ең жүйрік ит.
"Тазы – дөкер ит. Мынау өзі тауып жетті, басқалары үйірді қуып жете алмады. Әрең даусынан таптық, терең қамыстың арасынан. Жанында төбет болмады, әйтпесе үлкенірегін алар едік, ал былай өз күші жететінді ұстады. Қазақстанның орталығында және солтүстігінде төбет пен тазының метистері бар, оларды Дүрегей деп атайды. Бұл ит қасқыр алады. Мен өз басым иттің тегін таза ұстауды қолдаймын, бірақ осы итті бөлек иттің тұқымы деп санауға болады. Дүрегей деген бойы және денесі үлкен тазы."
...Даниярдың иттерінің өнімділігі туралы....
Мен басқа қазақстандық малшы қауымның иттеріне кепіл бере алмаймын, бірақ Даниярдың иттерінің атқарып келе жатқан жұмысы оның фотосуреттерінде жақсы көрсетілген. Қазір осы иттердің аң аулау сәтіне (қабан) қатысуын қарап отырмыз. Иттердің аң аулауға қатысу әрекеті генетикалық деңгейде бекітілген. Иттің осы қабілеті ұсталған аңмен сипатталады. Демек, көне қазақтардың сөздерімен айтқанда – отбасыны ет және терімен қамтамасыз ету...
Даниярдың суреттерінен төбеттерді де, тазыларды да және дурегейлерді де (төбет пен тазының қоспалары) көруге болады.
Қалайша дүрегейлер пайда болғанын түсіндік, бірақ осы тұқым қалайша дүрегей болды, осы қызықтыратын зат???? Қанша төбеттің қанын, қанша тазының қанын қосу қажет?? Әрине, қызық, бірақ бұл өзінше ерекше талдауды қажет ететін көлемді тақырып...
Менің мақсатым онда емес, деқатысы болғандықтан кейбір мәселенің басын ашу үшін Даниярға бірер сұрақ қоюға тура келді. Маған қазақтардың шаруашылық метизация тәсілінің бірі ретінде анықтай түсу қажет болды. Мүмкін, барлық азиялықтар сияқты қазақтар да өз құпияларын аша бермейтін шығар.. сондықтан Тазы мен Төбет танымалы тұқымдар, ал дүрегей қарапайым ба екен. Даниярдың арқасында дүрегей тұқымының көптеген ғасырлар бойы жасап келе жатқан тұқым екеніне көзіміз жетті.
Данияр тұқымды сақтап қалуға арналған жұмыс атқарып отыр ма? Әрине - ИӘ.
Үйінде көшеттігі бар, иттері дүрыс тұқым береді деген үмітте. Данияр иттердің шағылыстарын компьютерге тіркеп, күшіктерді мұқият таңдайды.
Бұл жұмыспен ол тынбастан көптеген жылдар бойы айналысып келеді...
Біз өзіміз Даниярда қонақта болуды, осы ғажапты өз көзімізбен көруді арман етеміз... Алатауда көретін зат көп. Ең бастысы, өз көзімізбен көп ғасырлы процесс – көшпенділердің малды иттермен бағып-күзетуі. Өйткені осы істі атқарып жатқан адамдар, қарапайым және Данияр Дәукей секілді ҒАЖАЙЫП адамдар!
|
|
|
Данияр Дәукейге фотоматериалды және салиқалы сұхбаты үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. |
Вадим Кацнельсон
Эксперт FCI (Украина)
expert53@mail.ru
Осы мақала жазылған кезде, coordinator-ua.org сайтының мағлұматтары пайдаланды
|
Сайттың информациясын пайдаланған кезде, www.tobet.kz сайтқа сілтеме жасау міндетті
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
почта:info@tobet.kz
© 2004 - 11 Tobet.kz |
|