Екі иттің достығы (ертегі)

Ерте-ерте ертеде ақылы асқан, қайраты тасқан бай бір бай өмір сүріпті. Қорасы төрт түлік малға тола болыпты. Сол байдың екі төбет иті болған екен, біреу Төрткөз, ал екіншісі Мойнақ. Бірінші иттің түсі қара, екі көзінің үстінде екі сары белгісі болыпты. Сол итті шақырғанда, ол еркелеп, басын төмен түсіріп, қарағанда, әлгі екі белгі екі көзге ұқсап кетеді екен. Ал екінші қап-қара итті иесі мойнындағы ақ белгісі үшін Мойнақ деп атаған екен.   
Екі ит өте ақылды болыпты, күндіз бекерден бекер үрмей, адамға шаппай тыныш жатып, қараңғы түсе сала қора-қонысты, малды күзетіп, ұрыны да, қасқырды да  жақын келтірмейді екен. Иттердің иесі оларға өте разы болып қатындарынан:
— Әй, ана Төрткөз бен Мойнаққа тамақ беруді ұмытпадыңдар ма? –деп сұрайды екен. Бірде, түс мезгілінде мал өрістен оралып, ал малшылар анда-санда  "шәйт" деп қойып, демалып жатады. Байлар той-томалақта қарындарын тойғызып ауылға оралады, ал жас жігіттер мен қыздар әзілдесіп, әңгіме құрып, көңіл көтеріп жатады.
Әлгі екі ит те қарындарын тойдырып, үйдің алдында күнге қыздырынып, өзара әңгіме-дүкен құрады. Олар жақсылық пен жамандық, жомарттық пен сараңдық, анау-мынау  туралы әңгімелесіді, ақырында достық пен дұшпандық тақырыбы қозғалады. Сонда бәрін білгіш Мойнақ айтқан екен:
— Төрткөз! Менің ойымша, достықтан артықештеңе жоқ. Осы екеуміз өзара таласпайтын күн болады ма екен? Түкке тұрмайтын зат үшін ұрсысып таласамыз, бір-бірімізге жылы шыраймен ешқашан қараған емеспіз. Ешқашан тату әңгімелесіп бірге жүрмейміз. Күнде – ұрыс, төбелес. Осылайша қартаямыз!  Екеуміз ұрсып, таласып жатқанда, таласқан затымызды Құтбан немесе Жолдыаяқ қөтеріп кетеді. Менім байқауымша, Жолдыаяқ, Құтбан және Бөрібасар бізге қарағанда татулау екен,  тұрмысын да табысын бірге бөліседі екен. Екеуміз де тату өмір сүрейік те! Дос болайық, ұрысты тоқтатайық! Егер нағыз дос болсақ, бір-бірімізді сыйлап, алты күн аш жүрсек те, бөлек тамақ іше алмаспыз. Сонда уақыттың қалай заулап өткенін байқамай да қаламыз! Қалай қарайсың, достым?
Төрткөз керіліп, құйрығымен бұлаңдап, қабағын көтеріп, Мойнақтың айтқан сөзі өтіп кеткендей  оған былай деп жауап айтқан екен:
— Мойнеке, сөздерің дұрыс! Бірінші сұрақ — оны мен де ойлағам, неге біз таласқыш және ызақор болып кеттік? Бізге не жетіспейді? Қарнымыз тоқ, иеміз (аман-есен болсын) бізді ренжітпейді, ұрыспайды, ұрмайды. Өте сыйлайды. Болар іс болды – бәріне де өзіміз кінәлі! Болмас нәрсеге таласамыз! Өз басым ойлаймын: біздің ата-бабаларымыздың арасында осындай жағдай болмаған! Бізге неге сол ата жолын қумасқа? Ата-бабамыздың өткен жолынан артық әділетті жол таба алмаспыз!
Мойнақ жолдасына қарап, құйрығын қысып, не істерін білмей: "Ал ендеше дос болайық!", деп айтқысы келіп, бірақ қорқып тұрады. Сол кезде Төрткөз оны құшағына алып:
— Осыдан кейін біз айрылмас доспыз, ешкім де, ешнәрсе де бізді ажырата алмас! Аштан өлсек те, тамаққа таласпаймыз!— деп анттасып, бір-бірінен ажырай алмай тұрған кезінде, үйден лақтырылған бір қу сүйек екеуінің ортасына құлайды. Екеуі де әлгі сүйекке бірдей бас салады. Бір-біріне ырылдап, төбелесіп, таласады. Жүндері жан жаққа ұшып, таласып жатқандарын естіп қойған Жолдаяқ, Құтпан және Бөрібасар жүгіріп келіп, әлгі екеуі таласқан сүйекті іліп кетеді. Шуды естіген қойлар қашады, ал малшылар екі итті сумен ажыратып, сабап тастайды.

Шығармыны тыңдау
B.Бегахметов - Төрткөз бен мойнак

Сайттың информациясын пайдаланған кезде, www.tobet.kz сайтқа сілтеме жасау міндетті
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
почта:info@tobet.kz
© 2004 - 11 Tobet.kz

негізгі парақта  / тарихы
видео
фотокөрмесі

Төбет - төбеде жатқан ит...
4000 жыл бірге
Қазақтардың ит ұстап-баптауы
Төбет тарихы
Қазақ Төбетінің мүсіні
Нун-на
Қарақан
Жеті қазынаның бірі
АҚ-қазақы
Екі иттің достығы (ертегі)