|
|
№1 2009 жыл, ақпан-наурыз |
|
|
Артықшылықтар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кітап шығару үшін тақырыпқа терең бойлап, пікірлес адамдар мен саланың білгір мамандарының ортасын кеңейтуге деген қызығушылық болуы керек. Материал жинаудан бастап өз қаржысына басып-дайындап шығару асқан жауапкершілікті талап ететін іс екені даусыз. «Төбет қазақы ит» атты альбом-кітабы қазақтың төбет итінің тұқымына арналған бірден бір басылым. Жаһанданудан жараланбаған, ұлтымыздың қасиетті қазынасын қастерлейтін оқырман қауым бұл кітапты кітап сөрелерінен таба алады.
Егер төбетке тіл бітіп, тұқымының тарихы туралы айтып бере алған болса, оның байсалды да баянды әңгімесін әдемі аңызға да, қисынды қиссаға да, тұрмыс-салт әпсанасына да ұқсатуға болар еді. Көшпенді қазақ өзінің бейғам тіршілігін сенімді серігі – төбетсіз елестете де алмаған, бұл тұқымның ерекшелігі де осында. Қазақ даласында бірге ғұмыр кешкен төрт мыңжылдықтар бойы көшпенділер мен осы алпауыт
|
|
иттер бір-бірін сыйлап құрметтеуге үйренген. Иесіне деген осындай құрмет бұл ит тұқымының қанына сіңген қасиет. Иесіне қызмет етумен ғана шектелетін басқа иттер сияқты емес, төбет адамның нағыз досы, сенімді серігі. Осындай сенімді серігі бар адамдардың айтуынша, төбеттің ақыл-парасаты, сезім түйсігінің ерекше дамығандығы соншалық, ол иесінің ойын ишарасынан таныған. Артық-ауыс сөзді қажет етпейтін кемеңгерлер сияқты, төбеттер де нені болмасын, ісімен дәлелдеген.
Көшеттіктің иесі Данияр Дәукей осы алпауыт та, әдемі иттер туралы бәрін біледі десе де болады. Данияр аз сөйлеп, көп шешетін жігіт, сондықтан да оның осы тұқымды сақтап қалу мақсатында істеп жатқан істері талай шешенді таңқалдырары анық. Алабай деген сөз тұқымның атауы емес, тұрмыста қарапайым иттерге байланысты айтыла салатын сөз екенін көптің бәрі біле бермеуі мүмкін. Ал төбет сөзінің этимологиясы осы кемеңгер иттің болмысына сай,
|
|
яғни, «төбеде жатқан ит, бас күзетші» деген мағынаны береді. Төбеттің ең сүйікті орны – көш орныққан жердегі ең биік төбе
Ертеде, тіпті қазіргі уақытқа дейін дала тағысы қасқырға қасқая қарсы тұрар бірден бір жануар осы төбеттер. Төбет табиғатынан қасқырдан қаймықпаған. Ол тек даусын шығарып, бір үрсе болғаны, сол түн малға қасқыр шаппайды деген сөз.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№1 2009 жыл, ақпан-наурыз |
|
|
|
|
|
|
Артықшылықтар |
|
|
|
|
|
|
|
|
Бүгінгі таңда Қазақстанда бірнеше ондаған ғана төбет қалып отыр. Даниярдың айтуынша, көшеттікте асыл тұқымды төбеттерді жинау үшін тек Азия көлемінде ғана емес, сонымен қатар Россиядағы осы тұқымды қадірлеушілер арасынан да іздеу керек болды. Бір қызығы, Россиядағы төбеттер болмысындағы бітім ерекшелігі, қимыл шалттығы, қайсарлығы мен байсалдылығы сияқты қасиеттерін сақтап қалған. Ірі денелі арлан төбет ешқашан адамға қарсы шаппаған, иесіне ол асқан төзімділікпен қараған, бұл – асыл тұқымды арлан төбетті басқадан айырып тұрар айрықша қасиеті. Қазірде де алпауыттай итті біресе, ат қып мініп, біресе ойыншық етіп ойнаған баласының қылығын қызықтаған ата-ана да төбеттен келер қауіптің жоқтығына сенімді. Нағыз төбеттің адамға еш қаупі жоқ ит екенін өмірдің өз-іақ әлдеқашан дәлелдеп қойған.
Өткен ғасырдың аяғында қазақы төбет иттер халықаралық топтандыруға «ортаазиялық ит» деп жазылып кеткен. Түрікмен алабайы да, ортаазиялық иттер де – төбеттен тараған тұқым түрлері. Көненің көзіндей болған осы арлан иттерді қайта тірілтіп, сақтап қалуға әлі де кеш емес. Оларға ауылдық жерлерде, итқұмарлар мен аңшылар арасында сұраныс өте көп. Төбетпен аңға шығып, қасқыр мен қабан алып көрген әрбір аңшы мұндай аңшылықтың қасиетін, оның мылтықпен аңшылаудан әлдеқайда қызық та, әсерлі екенін бірден-ақ сезінеді. Асыл тұқымды төбет үшін қазір батыс елдерінде он мыңдаған евро төлеуге дайын. Өкінішке орай, олардың саны өте аз.
|
|
|
|
|
|
|
|
№1 2009 жыл, ақпан-наурыз |
|
|
|
|
Артықшылықтар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақы төбет итті қайта тірілтіп, оның бас санын көбейту ісі өзінің жалғасын тауып, дамуы қажет. Уақыт өте келе қолға түспейтін кітап басып шығару – келесі қадам. Бүгінгі таңда Данияр Дәукейге франциялық, бельгиялық итқұмарлар фотосуреттер көрмесін өткізу туралы өтініш жасап отыр.
Европа халқының халқымыздың қасиеті де қайғысы болған осы бір қайсар иттер туралы мәліметтер алып, көздерімен көріп таңғалғаны елімізге де абырой. Олардың осы қолпаштаулары, мүмкін, елімізде аты аңызға айналған асыл тұқымды итке деген көзқарасымызды өзгертіп, оларды сақтау, қорғау мәселесіне басқаша қарармыз.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№1 2009 жыл, ақпан-наурыз |
|
|
|
|
|
Сайттың информациясын пайдаланған кезде, www.tobet.kz сайтқа сілтеме жасау міндетті
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
почта:info@tobet.kz
© 2004 - 11 Tobet.kz |
|
|